Ерлігі өшпес тұлға!!!

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов, бастықтың орынбасары полиция полковнигі Ербол Каппасов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Руслан Аужанов және Академия курсанттары ағымдағы жылдың 20 маусым күні Ұлы Отан соғысының ардагері Данил Айтмуханович Надарбаевты «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» төл мерекесімен құттықтады. Ұлы Отан соғысының ардагері Данил Надарбаев әскер құрамын мина толған машинаның өртінен құтқарған адам. Отан үшін өз өмірін өлімге қиып, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін күресті. Осы ерліктері мен батырлығы үшін Данил Надарбаев Иосиф Виссарионович Сталиннің алғыс хатымен марапатталды. Сол уақытта ең беделді кісінің қолынан алғыс хатты алудың, өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Себебі өз өмірін қиып, тәуекел жасаған атамыздың ерлігін қайталай алатындар мыңнан біреу болар. Ардагердің кеудесі ерліктері үшін алған медальдарға толы, ал альбомын ашып қарасақ, газет пен журналдардың беттерінде жарияланған бірнеше мақалаларын көрсетті. Қостанай облысында Соғыс ардагерлері бүгінде саусақ санарлықтай, сол кісілердің барында қадірін ұғынып, Академия басшылығы ардагерімізге бүгінгі бейбіт күнге рақметін айтып, тағзым жасады.
Елін, жерін жаудан қорғаған батырдың осындай ерлігі – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Бүгінгі ұрпағымыз дүниені фашизмнің зұлымдығынан аман сақтап қалған аға буынның өшпес ерліктерін ешқашан да ұмытпауы қажет.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы О.Уақпаева