Ерекше айтулы күн мерекеленді

2020 жылдың 27 ақпанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында елімізде жалпыхалықтық мереке 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді. Бұл күні адамдар бір-біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды.
Аталған іс-шарамен Академияның жеке құрамын, профессорлық — оқытушылық құрамын және курсанттарды Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов құттықтады. Бүгінгі іс-шараның құрметті қонағы Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобының мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің философия кафедрасының профессоры Қалқаман Хасенұлы Жақып болды. Қалқаман Жақып Алғыс айту күнінің тарихы мен мақсаттарына, тарихына қысқаша шолу жасап, 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толатындығы туралы оқу ордамыздың жеке құрамына айтып кетті. Сонымен қатар Академия қызметкерлерін 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс, шығармашылық жетістіктер мен отбасына бақыт тіледі.

Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесінде Академияның басшылығы мен жеке құрамына Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің «Ен-нори» би ансамблі өз өнерлерін паш етті. Іс-шара барысында Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуымен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Баршаңызды мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі күнімен құттықтап, қызметтеріңізде биік белестерден көріне беріңіздер дейміз.