Ел үшін еңбек еткен ерлер ізімен

Ағымдағы жылдың наурыз айының 8-ші жұлдызында академия қабырғасында Шырақбек Қабылбаевтың 112 жылдығына арналған белбеу күресінен ашық облыстық іріктеу турнирі өткізілді. Жарысымызға аймағымыздың әр жерінен білекті де жүректі спортшылар жиналып боз кілем бәсекесінің озық деңгейін көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді. Бұл жарысымыздың басты мақсаты елі үшін еңбек еткен Шырақбек Қабылбаев сынды батыр бабаларымыздың бойындағы өр рух пен елге деген сүйіспеншілікті болашақ жастарымызға дәріптей отырып салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Осындай жарыстарымыз жастардың бойындағы ер жігітке тән ерік жігерді қалыптастырып спортшыларымыздың арасындағы достық қарым – қатынасты нығайта түспек. Алайда сайыс болғасын оза шабар жүйрік те даралануы қажет. Сондықтан жеңіс те жеңіліс те қатар жүретіні белгілі болғандықтан бұл жарыста біздің академия палуандары да аянбай тер төгіп құрмет тұғырының биігінен көрінді.
Бұл жарысымыздың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2020 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында өткізілетін жастар арасындағы ел чемпионатында аймағымыздың абыройы мен мақтанышы боламақ, дәлірек айтсақ, бүгінгі жарысымыздың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

2-курс курсанттары  57 келі салмақ дәрежесіндегі Абу Бейбарыс, 62 келі салмақ дәрежесіндегі Жумабеков Нуржан, 68 келі салмақ дәрежесіндегі Майилкан Ернұр, 75 келі салмақ дәрежесіндегі Олжабай Бекзат және 3 курс курсанттары 82 келі салмақ дәрежесіндегі Сейтмахамбет Рахат, 100 келі салмақ дәрежесіндегі Еркасымов Нурдаулет жеңімпаз атанып 1 орынды қанжығаларына байлады.

3-курс курсанттары 57 келі салмақ дәрежесіндегі Жанбуршинов Бекзат және 62 келі салмақ дәрежесіндегі Бәшір Ғасырбек те аянбай тер төгіп, тұғырымыздың 2 орнынан көрінді.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Р.Кутымбаев