ЕКІ ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ

Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасы мен Алматы, Маңғыстау, Қостанай облысының ҚАЖД-нің тәжірибелік қызметкерлерінің қатысуымен 2020 жылдың 29 мамыры күні «Бас бостандығынан айыруды орындаудың прогрессивті жүйесінің элементтерін қолдану мәселелері және оларды еңсеру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты аталған тақырып бойынша тәжірибедегі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдары мен ұсыныстарды талқылау. Отырысты заң ғылымдарының докторы, профессор Айдархан Байдекович Скаков ашып беріп, проблемалық сұрақтарға жеке-жеке тоқталып, көпшілікке ортақ мәселелерді ортаға салды.
Аталған проблемалармен жұмыс істеуде құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп, еліміздің ҚАЖ мекемелеріндегі  сотталғандар санын азайту бойынша, оларды қоғамға қайта бейімдеу сұрақтары қарастырылды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың аталған шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдары тыңдалып, назарға алынды.

Қылмыстық құқық
және жазаны орындауды
ұйымдастыру кафедрасының
оқытушысы
полиция капитаны
М. Қалқаманұлы