Дөңгелек үстел

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының базасында ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде «Адам құқықтары» тақырыбы бойынша қалалық (аудандық) полиция бөлімдерінің орта басшы құрам қызметкерлерімен өткізілген біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің адам құқықтарын сақтау саласындағы құқықтық санасын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қостанай қалалық сотының судьясы А. Болатұлы, Академиядағы пробация қызметі мамандарын оқыту орталығының бастығы полиция подполковнигі Р.Мухтабаева, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының, жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері мен тыңдаушылары қатысты.

МҚП кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
М.Смагулов