«Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту»

Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу жоғары деңгейде қадағалануы тиіс.

Осы мақсатпен «Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту» атты тақырыпта 4-курс 408-409 оқу топтарында дәріс өткізілді. Дәріс сабағы барысында дәстүрлі, заманауи және тәрбиелі отбасылық құндылықтар туралы айтылып, сонымен қатар әр құндылықтың ерекшеліктері жайында баяндалды. Сондай-ақ курсанттарға адамның ең басты құндылықтарының бірі отбасы екендігі, өмірдегі отбасының маңыздылығы мен рөлі түсініктерін қалыптастыру, отбасылық салт-дәстүрлерді құрметтеуді, ата-анаға деген махаббат пен құрмет сенімдерін тәрбиелеу жайлы кеңінен түсіндірілді.