ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ШЕБЕРЛІККЕ БІР ҚАДАМ

Ағымдағы жылдың 8-9 ақпаны аралығында 2000-2001 жылы туылған жастар арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевты еске алуға арналған Қостанай облысының чемпионаты өткізілген болатын.
Дәстүрге айналған бұл сайыс облысымыздан жаңа жұлдыздарды іріктеп, 13-17 наурызда Ақтөбе қаласында өтетін республикалық додада өз бақтарын сынауға мүмкіндік береді.
Аталмыш жарысқа дайындалу мақсатында жаттықтырушылардың бастауымен палуандарды шыңдап, жігерлендіре түсу үшін оқу-жаттығу жиыны жүзеге асуда.
Барлығымызға белгілі осындай бастаулардың арқасында жастарымызға Азия және Әлем чемпионаттарына қатысу үміті артып, спорт шебері атағына ие болу мүмкіндігі беріледі.
Осындай жұмыстардың арқасында жастар үшін аянбай тер төгіп, солардың қамы үшін жүрген жаттықтырушылардың еңбектері ақталып, «ел үмітін ер ақтар» дегендей палуандарымыз әрқашан құрмет тұғырынан табылатынына сенімдіміз.


ДШД кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Е. Кабидуллинов