Дәріс жалғасын табуда

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Қостанай академиясының бірлескен «Қонақ дәрісі» жобасы жалғасын табуда. Соған дәлел, бүгін философия ғылымдарының докторы, доцент Джусупова Раушан Сейтаскарқызы «Ғылымның этикасы. ХХІ ғасыр ғылымының этикалық мәселелері» тақырыбында Академияның 1-курс магистранттарына ғылыми дәріс оқыды. Атап айтқанда, этос ғылымының шығу тарихы, Р.К.Мертон ғылымының нормативтік этикасы туралы түсінік, ғалымның кәсіби жауапкершілігі, қазіргі заманғы ғылымның кеңейе түсуі, осы аралықтағы әлеуметтік  ғылымға еңбек сіңірген ғалымдардың зерттеулері талданып, тыңдаушылармен жақсы сабақ өрбіді.
Өзара пікір алмасуға құрылған дәрісте оқытушы мен тыңдаушылар арасында байланыс орнап, білім алушылар көп ақпарат алды. Бұл ғылым жолына түскен жас ізденушілерге үлкен ақпарат көзі болды.

ІСКБ