Дәрігермен онлайн кездесу

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанттарында қараша айының 25 күні «ҚАЖ-да денсаулық сақтау» пәні бойынша шығу сабағы онлайн түрде болды. Сабақта «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының» дәрігерлері Хамзин Молдағали Хамитович және Кадрон Серік Аузбайұлы АИТВ/ЖИТС алдын алуға байланысты дәріс оқыды.
Бұл ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы ерекше үлгідегі емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады, оның қызметі облыс көлемінде АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған. Дәрігер Хамзин Молдағали Хамитович АИТВ/ЖИТС бойынша өз кеңесін берді. Қостанай академиясының тыңдаушыларына аурудан сақтану жолдарын және жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырмау үшін кездейсоқ жыныстық қатынастардан аулақ болу, тері қабатын зақымдайтын ортақ құралдарды қолданбау керектігі жайында кеңес айтылды. Сонымен қатар ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.

Кәсіби-психологиялық даярлық және
ІІО-ны басқару кафедрасының оқытушысы Е.Толықпаев