«Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет» пәні бойынша олимпиада

Гүлденген еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері адам сенгісіз қалыпқа жеткен деп айтсақ қателеспес едік. Елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттің біртұтастығының баянды болуы жолындағы саясатпен қатар жасампаздықты көздеген нақты қадамдарымыз іскерлікпен қатар бейбітшілік жолында. Жер шары мен ғаламды шарлау арқылы жаңа технологиялық құралдарды қолданумен жаңа жетістіктерге жетуді толыққанды меңгерген қазақстандық азаматтар әлемдегі көп халықтан көш ілгері. Осындай мызғымас даму жолындағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді сақтап қалу, әрине, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де үлесінде. Әлемдік деңгейде іріткі салуды көздейтін әртүрлі лаңкестік пиғылдағы ұйымдардың да құрып жатқан торлары еліміздің тыныштығы мен саяси-экономикалық ілгерілеуіне кедергі келтіруге бағытталатындығы сөзсіз. Бүгінде, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында, 2019 жылғы 20 қараша күні, жедел-іздестіру қызметі кафедрасының ұжымы «Сақшы-На страже» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет» пәні бойынша курсанттар арасында олимпиаданың ақтық сынын өткізді.

Нәтижесінде курсанттар арасында ең мықтылар анықталып, жүлделі орындарға ие болды;

1–орын – Қанатчина Эльмира, Оспанова Роза және Абдуллаева Динара,

2–орын – Рахметқали Анаргүль, Сидорова Владислава, Камасов Данияр,

3–орын – Кумарбекова Диана, Әмірғали Мадина, Кабидуллинов Мейрам, Нургалиев Нурхат.

Осындай олимпиадаларға қатыса отырып, курсанттар алдағы уақытта ғылыми әлеуетін жетілдіруге, құқық саласындағы білімін тереңдетуге және іскерлік қабілеттірін қалыптастыруға мүмкіндік беретін болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамытады.

Олимпиадаларда әдетте күрделі тапсырмалар шешіледі. Осындай олимпиадалардың арқасында курсанттар өз білімдерін тексере алады. Бұл тек білімді тексеру ғана емес, өз бетінше ойлау және алған білімдерін орынды қолдана білу де.

ЖІҚ кафедрасы