Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап шілденің бірінші жексенбісі күні Ұлттық домбыра күні деп аталады.
Домбыра — қазақ халқының ұлы аспабының бірі болып табылады. Қазақ халқы домбыраның күмбірлеген үнімен халықтың тарихын, салт-дәстүрін, байлықтары мен құндылықтарын, өнерлері мен күйлерін баршаға жеткізген.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» — деп, Қ.Мырзалиев ақын айтқандай, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кәсіби даярлық факультетінің курсанттары домбыра аспабын үйренуге құлшыныстарын арттырып, домбыраның үні арқылы халқымыздың өлеңдерін жыр етіп, талай республикалық, облыстық және өңірлік іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленуде.
Бүгінгі таңда, Академияда курсанттарға, яғни болашақ тәртіп сақшыларына оң бағыт-бағдар беру, оларға жақсы тәлім-тәрбие беру жұмыстары алға қойылған. Осының төңірегенде, белгілі сазгер, әнші ағамыз, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдиннің жетекшілігімен Академия қабырғасында 20 курсанттан құралған домбырашылар ансамблі бар. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, еңбек етуге талпынысы арта түседі Академияның домбыра ансамблінің репертуарына Құрманғазы, Д.Нұрпейісова, Тәттімбет, Қазанғап және басқа да танымал қазақ орындаушыларының шығармалары кіреді. Оқу ордамызда өткізілетін барлық мәдени-көпшілік іс-шаралар домбыра ансамблінің сазды күйінен басталады. Мәселен, курсанттар Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ ұжымдары өңірлік көркемөнерпаздар сынау-байқауының лауреаты, Астана қаласында Академияның домбыра ансамблі ҚР ІІМ көркемөнерпаздар ұжымдары байқауында бас жүлдені жеңіп алды және байқаудың лауреаты атанды Ақтау қаласында өткен жас орындаушылар мен домбырашы ансамбльдері мен оркестрлерінің «Ұлы дала мұрасы» республикалық фестиваль-байқауында «Гран-при» бас жүлдесін иеленді. Бұл — біз үшін мақтаныш.
Қазақ халқының домбырасымен жыр, терме, айтыс, толғау, күй, т.б. шығармалар орындалып, адамға керемет көңіл-күй сыйлайды. Домбыра аспабы әр қазақтың үйінде бар. Қазақ халқы ертеден бастап домбырамен балаларын тәрбиелеп келуде, бүгінгі таңда біздер болашақ жастарымызды домбыраның үнінде қазақ халқының өнерін, мәдениетін танытып, барша әлемге ұлт аспабымыздың кереметтілігін, кең даланың тамаша әсемдігін паш етіп жырлаймыз. Қазіргі таңда домбырада ойнамайтын жастар жоқ, керісінше, көп деп ауыз толтырып айтуға болады. Осындай байлығымызды болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсыру,  біздің қолымызда.

ІСКБ маман-инспекторы
О.Уақпаева