Диссертациялық қорғау

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «6М030300 – Құқық қорғау қызметі»  мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратурасының 2017 жылы қабылданған магистранттары 2019 жылдың 10 — 12 маусымы аралығында диссертацияларын сәтті қорғап шықты.  Қорғауға қатысуа ниет білдірген барлық азаматтар келіп, жария түрде өткізілді.

 

Магистранттардың жұмысын әділ де жан-жақты бағалау мақсатында мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамынан өзге де құқық қорғау саласындағы білікті де белгілі маман саналатын академия оқытушылары қатысты. МАК төрағалықты  Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының Құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, доцент Болатбек Кабдушевич Шнарбаев жүзеге асырды.

Магистрлік диссертацияларды қорғау барысында магистранттар, олардың рецензенттері және ғылыми жетекшілері өз баяндамаларын ұсынды. Баяндамаларында қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді өз тұжырымдамаларында ұсынып, соларды дәлелдеуге тырысып бақты.

ЖООК білім беру институтының магистратурасы