Дзюдо федерациясының ашық кубогы

Ағымдағы жылғы қыркүйек айының  20 — сы күні 2 — курс жеке құрамы 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында Қостанай облысының дзюдо федерациясының ашық кубогында болып қайтты.
Спорттық шараның басты мақсаты: Қазақстан Республикасында дзюдо спорт түрін  дамыту болып табылады.

Жарыста республиканың түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар бақ сынасып жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс Қостанай қаласы әкімі орынбасарының құттықтау сөзімен басталды. Әлем деңгейінде бақ сынасып, еліміздің атын шығарып жүрген спортшылар Қостанай әкімінің алғыс хатына ие болды. Алдағы уақытта осындай  кубоктар  еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіп, қазақ елін баршаға  паш ететін спортшылар санын көбейту ең бірінші мақсат екені анық. Сол себепті де қазіргі  уақытта жас дзюдошыларға үлкен дайындық  арқылы белесті бағындыру шарт болып табылады. Ендеше жас спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Полиция қатарындағы
2- курс курсанты
А. Бакбаева