«ДЕНСАУЛЫҚ — 2020» СПАРТАКИАДАСЫ



ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап жыл сайынғы дәстүрге айналған «Денсаулық-2020» қысқы спартакиада басталды. Спартакиаданың мақсаты — Академия қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Қызметкерлерден құрылған командалар тізіліп, сапқа тұрды. Мемлекеттік Әнұран ойналды. Алғашқы сөз кезегі Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекеновке берілді. «Денсаулық-2020» қысқы спартакиадасы Академияда төртінші рет өткізіліп отыр. Спартакиада барысында футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және тағы да басқа спорт түрлері өткізіледі. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы, яғни спорт адамның денсаулығын жақсартады, патриоттық рухты көтереді, біліммен қоса спортта да шымыр екендіктеріңді көрсетеді деп, командаларды құттықтап, ең күштілер жеңсін! — деп сөзін тамамдады.

Құлақтан кіріп,бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, демекші кәсіби даярлық факультетінің полиция сержанты 4-курс курсанты Тлеухан Нұрбектің орындауында «Қазақстан» әні айтылып, қызметкерлерге күш-жігер, табандылық пен қайсарлық шабытын сыйлады.
Спартакиаданың алғашқы күні спорттың волейбол түрінен басталды.
Спортшыларға сәт сапар, жеңіс тілейміз! Академия тек қана алға!

Баспасөз қызметі