Дене шынықтыру дайындығы бойынша ғылыми-практикалық олимпиада өткізілді

Қазақстан Республикасы егемендігінің 30 жылдығы мен ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына орай алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары мен 4-курс арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша ғылыми-практикалық Олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – курсанттардың денсаулығын нығайту мен дене дайындығы саласындағы қажетті білім мен ақыл-ойды меңгеру деңгейін анықтау, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау.
Олимпиада 2 кезеңді қамтыды:

1-кезең 8 бөліктен тұрды: 100-200 метр жүгіру, эстафета, гір көтеру, армреслинг, қарын бұлшық етін қатайтын жаттығулар, кермеде тартылу, арқан тарту.
2-кезең спорттық самбо, дзюдо, еркін күрес, қазақша күрес, дойбы ойнау, теннис, Калашников автоматын бөлшектеу мен құрастыру, шешендік өнер сайыстарынан тұрды.
Олимпиаданың нәтижелері бойынша:
1-орынды – 4-курс;
2-орынды – кіші және қатардағы басшы құрам тыңдаушылары иеленді.
3-орынды – орта басшы құрам тыңдаушылары;
Бұндай сайыстар дене шынықтыру дайындығын жетілдіруде маңызды болып саналады.

Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Б.Е.Жандауов