Демалыс күнгі серуен

2019 жылдың 22 қыркүйегінде жедел — іздестіру құқығы кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Аян Шаймуханов 304 — оқу тобымен бірге Қостанай қаласының мәдени орталықтарына баруды жүзеге асырды. Қазақстанның түрлі аймақтарынан жиналған курсанттардың Қостанай қаласында орналасқан мәдени орталықтардың құрылу тарихына қызығушылығы басым болды. Әсіресе, еліміздің алтын қырман құрсағы болған күзгі дала келбеті, дәнді алқаптан астық жинау, оны өндіру бойынша іс-шаралар және олардың қолданыстағы техникасы жайында белсенді жан-жақты сұхбат өткізілді.
Мәдени көркем орталықтардың бірі болған «Март» ғимаратын аралап, жастар көп шоғырланған ортада жоспарлы өткізілетін қызықты ойындарды тамашалады. Қоғамдық орындарында ас қабылдап, курсанттар келесі оқу күніне жаңадан бір шабытпен жатақханаларына келді.

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Шаймуханов