Волейболдан турнир

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Академия қызметкерлері мен 3-курс курсанттары арасында, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан милиция старшинасы Федор Викторович Балановскийді еске алуға арналған волейбол турнирі өтті.
Милиция старшинасы Федор Викторович Балановский Қостанай ауданы ІІО кезекшісінің көмекшісі болып жұмыс істеген. 1992 жылы  тамыз айында қаскөйлердің қолынан қаза тапты. Ол Ішкі істер органдарында 14 жыл қызмет атқарды.Қаза тапқан тәртіп сақшысының есімі Қостанай облысы Полиция департаментінің «Милиция даңқы» мемориалы мен мұражайында сақталған.
Аталған турнирдің мақсаты  салауатты өмір салтын насихаттау, курсанттар арасында волейбол ойынын шыңдау және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Ал жарыс қорытындысы бойынша:
1-орынды – «Спартак» командасы,
2-орынды – «Сұңқар» командасы,
3-орынды – «Барыс» командасы иеленді.

ІСКБ инспекторы П.Жұмабек