Бүгін — халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Қазақ даласынан ғарышқа Байқоңырдан алаштың үш азаматы аспан әлеміне саяхат жасады.  1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде орбитаны бойлай тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин ұшқан болатын. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды.  Осы айтулы күннен бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке — ғарышкерлер күні болып аталды.
1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, осы  күн Халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін атап өту жөнінде шешім қабылданды. Ал, 1991 жылы ғарышқа қазақ баласы, халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров ұшты. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров -қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, ҚР Халық Қаһарманы, техника ғылымының докторы және құрметті профессор. Ол 1991ж. 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты және Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.
Бұдан кейін қазақтың қайсар ұлдарынан ғарышқа 8 рет келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев ұшты. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты. Ол американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері Николай Бударинмен бірге оралды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш-истребитель — Айдын Айымбетов  ұшты.
Қазіргі таңда ұлы қазақ даласынан  қазақтың үш батыр — азаматы сәтті сапар жасап қайтты. Бұл – қазақ халқының үлкен жетістігі мен мақтанышы!
Осыған орай, батыр-ғарышкерлерімізді және осы кәсіби салада қызмет атқарып жүрген  қызметкерлерімізді Халықаралық авиация және   ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге еліміздің көркеюі жолында мол жетістіктер мен  табыстар тілейміз!