Біріккен күш

Еліміздің төрінде осыдан екі жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен жекпе-жек күрес түрлерін біріктіру мақсатында «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» құрылып, әр аймақта филиалдары ашылды. Қауымдастық жекпе-жек өнерінің құндылықтары мен рухын насихаттауға, спорттың дамуына ықпал етуге, спорт кадрларын даярлау және өзге де әлеуметтік іс шараларды жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Аймағымызда жүзеге асырылған іс шараларға келсек, ауыз толтырып айтарлықтай көп. Соның бірі өңіріміздегі жауынгерлік өнер қауымдастығы басшысының жетекшілігімен, джиу-джитсудан ХДСШ, Әлем және Азия чемпионы, Академия түлегі Мұрат Ғазисұлы Бермұхамбетов, Қостанай облысының спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының бас хатшысы, ҚР ІІМ Қостанай академиясы дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Ержан Айтбайұлы Кабидуллинов және тағы басқа қауымдастықтың мүшелері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» барып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында балалар мен жасөспірімдерді құттықтап, қайырымдылық акциясын жүргізді.
Кездесу барысында спорт өкілдері Наурыз мерекесімен құттықтап, өздерінің дамытып жатқан жекпе-жек күрес түрлерімен таныстырды және спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтті. Балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берген соң Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының атынан түрлі тәтті сыйлықтар мен спорт жабдықтарын сыйға тартты.
Алдағы уақытта осындай ұйымдар мен қолы ашық, жомарт адамдар Қазақстанның болашақ жастарына оң бағыт көрсетіп, еліміздің көркендеуіне өз үлестерін қосады.

ДШД кафедрасы