Білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген курсант

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің  3-курс курсанты  полиция қатарындағы Азамат Даниярұлы Төребеков Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция басқармасында  оқу тәжірибесін өтті. Оқу тәжірибесі кезінде Азамат Төребеков қырағылығымен, шапшаңдығымен және кәсіби білімімен көзге түсіп, болашақ тәртіп сақшысының қызметтік міндеттерін адал атқарып, құрдастары арасында көзге түсті.
Дәлірек айтқанда, Жарты төбе ауылдық округінде түс уақытында тонаушылық орын алғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Қылмыскердің ізін суытпай, дереу жол бойындағы бейне бақылау камераларын  қарап, ауыл тұрғындарынан сұрастыра бастады. Тексеру іс-шаралары барысында қылмыскер полиция қызметкерлерімен  ұсталынды. Сонымен қатар, полиция қатарындағы Азамат аталған қылмыспен ғана шектелмей, басқа да қылмысты ашуға кірісе кетті. Ағымдағы жылдың 19 маусымы күні Жергілікті полиция қызметіне ауыл тұрғындарынан Өзбекстан Республикасынан ағып келетін «Зах» өзенінен өлі адамның денесінің табылғандығы туралы хабар келіп түседі. Қызметтік ауысымға түскен қызметкерлер дереу оқиға болған жерге барып, барлық тексеру шараларына кіріседі. Полиция қатарындағы 3-курс курсанты Азамат сол жердегі адамдардан сұрақ-жауап алып, қылмысқа қатысты хаттамаларды толтырып, дереу қызметтік міндеттеріне кірісе кетеді. Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ералы Нуралиев аталған екі қылмысты ашуға қатысқан біздің қырағы курсантымызды, жас тәртіп сақшысының атқарған істерін мадақтап, болашақта жас қызметкердің әлі де талай қылмыстар ашып, биік белестерден көрінетініне сенімді екендігін атап өтті.
Бізде  полиция қатарындағы Азамат Төребековті сөзге тарттық: «Азамат бала кезінен бастап полиция қызметкері болуды армандаған. Міне арманы орындалып, мектеп табалдырығын аяқтағаннан соң, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсіп, күні бүгін өзінің білімімен, сабырлығымен, табандылығы және қырағылығымен көзге түсуде. Міне, оқу тәжірибесі кезінде Азамат өзіне бекітілген аумақта құқық бұзушылықты жібермеуге, оның алдын-алуға және қылмыстың ізін дереу ашып,  түскен шағым-арыздар бойынша жұмыс атқаруда. Сонымен қатар оқу тәжірибесінде Академия қабырғасында алған білімдерін қолданып, бар ынта-жігерімен жұмысқа кірісті.
Болашақ полиция офицері, оқу тәжірибесін өту кезінде қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен, еңбекқорлығымен, қырағылығымен ерекшеленген полиция қатарындағы Азамат Төребеков  Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық  полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ералы Нуралиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жас офицеріміз 3-курс курсанты полиция қатарындағы  Азаматтың білімін одан әрі шыңдап, қалаған мамандығының биік төрінен көрінуіне тілектеспіз!

ІСКБ маман-инспекторы
О.Уақпаева