Білікті қызметкердің қатысуымен өткен сабақ

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы алғашқы кәсіби даярлық курсының 7-оқу тобы мен Жамбыл облысы ПД жедел-криминалистік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Салемов Берік Жақсылықұлының қатысуымен сабақ өткізді.
Жедел-криминалистік басқармасының тәжірибелі басшысы Б.Салемов «Тергеулік қарап-тексеру және оның түрлері» тақырыбында білім алушыларға көптеген мәліметтер жеткізді. Оның ішінде қызмет барысында болған оқиғаларды, жас қызметкерлердің жиі жіберетін қателіктерін, криминалист-мамандардың ізденіс нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар, оқиға болған жерде қарап-тексеру тергеу әрекетін жүргізу барысында айғақтарды табу, жинау, буып-түю, қылмысқа қатыстылығын анықтау әрекеттері күнделікті қызметте жасалатынын және қылмыстың ашылуы, күдіктінің анықталуы, сотта әділ жазаның тағайындалуы осы әрекеттерге байланысты екеніне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты сабақ уақытында тапсырмаларды сапалы орындап, құжаттарды дайындап үйренуге кеңес берді.
Сабақтың соңында білім алушыларға сәттілік тілеп, сабаққа қатысып, белсенділік танытқандарына алғысын білдірді.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Ж. Нурмаганбетова