Біліктілікті арттыру курстары: сертификаттар берілді

2020 жыл Біліктілікті арттыру факультетінде «Адам құқығы» тақырыбы бойынша ҚАПБ орта басшы құрамының қызметкерлерінің  келуімен басталды. Бір апта бойына тыңдаушылар оқу бағдарламасына сәйкес ауқымды материалды оқып білді.

Курстардағы қызметкерлердің оқытылуының тиімділігі көптеген факторларға байланысты, соның бірі оқытудың тәжірибелік бағыты. Осыған байланысты оқыту мерзімінде тыңдаушылармен дәрістер, семинар сабақтар, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер, дөңгелек үстел өткізілді.

Оқу қорытындысы бойынша курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды. Сертификаттарды Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Ж. Нурушев тапсырып, қызметтеріне табыс, алған білімдерін өз қызметтік міндеттерін орындауда тиімді қолдануларын тіледі.

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті