Біліктілікті арттыру курстары: браконьерлікке қарсы күрес

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруші браконьерлік проблемасына аса назар аударған болатын. Ол «…соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты. Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді» деп айтып өтті, сонымен қатар Үкіметке тиісті шаралар қолдану бойынша тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында бүгін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандандырылған және табиғатты қорғау ұйымының аумақтық бөліністерінің инспекторларына арналған «Қазақстан Республикасында браконьерлікке қарсы күрес бойынша шараларды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курс аясында аталған санат тыңдаушыларын заңгерлік даярлық, қылмыстық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық даярлық, арнайы тактикалық даярлық бөлімдері бойынша оқыту қарастырылған.

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті