Біліктілікті арттыру курстарының аяқталуы

Бір апта бойына біліктілігін арттыру үшін Академия қабырғасына республикамыздың әр облысынан жиналған Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің «Қызметкерлердің қызметтік мінез-құлқы – күш қолдану, шеттету, соңына түсу, қорқыту, репрессиялар қаупіне жол бермеушілік» тақырыбы бойынша курстан өткен тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды.

Тыңдаушыларға сертификаттарды Академия бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов тапсырды.

Тыңдаушылар, өз кезегінде, Академия басшылығына, профессорлық-оқытушы құрамға алғыстарын білдірді.

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті