Біліктілікті арттыру — жетістікке апарар жол

 

Психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығында 15-20 ақпан аралығында «Жаппай іс-шараларды жүргізу кезеңінде азаматтармен келіссөз жүргізу ерекшеліктері» ҚАПб басшы құрамының біліктілігін арттыру курсы өткізілді.
Курс барысында қызметкерлердің келіссөз жүргізудегі рөлін, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі психологиялық мүмкіндігін талдау мақсатында  психолог және психотерапевтер Қауымдастығының мүшесі, сарапшы психолог Шакимова Лола Сергеевна «Наразылық мінез-құлықының психологиялық сипаттамасы» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Сабақ барысында қызметкерге жедел тапсырмаларды орындау барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек беретін психологиялық құралдар ұсынды.
Сонымен қатар, біліктілікті арттыруға берілген уақыт аралығында тыңдаушылар тақырыптық жоспарға сәйкес тапсырмаларды Академияның оқытушылар құрамымен кері байланысқа шыға отыра орындады.
Оқыту қорытындысы бойынша аталған санат тыңдаушылары тестілеу түрінде емтихан тапсырды.
Оқу қорытындысы бойынша біліктілігін арттыру курстарын аяқтағаны туралы сертификат тапсырылды.

ПМДжӘЗЖО аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры А.Досмаилова