Біз біргеміз!

Алғыс айтам елім деген ерлерге,
Қиын кезде  көмектесіп  дем берген.
Жүрседе алып биік-биік өрлерде,
Азаматтар бірге болды ел-жермен.

Шығып келет біздің халық ақырын,
Коронавирус дейтін қауіп шеңгелден.
Қазақ халқы жұдырықтай жұмылып,
Бір-біріне үміт сыйлап дем берген.

Алғыс айтам ел басына ерекше,
Мен біргемін — деді, елге «сендермен».
Алғыс айтам Президентке ерекше,
Бар көмегін аямаған елдерден.

Қазақ дейтін батыр халық ежелден,
Мұндай дертті тақымына өңгерген.
Татулық пен бірлігіміз нық болса,
Күш жоқ  бізбен қарсыласып тең келген.

Алғыс айтам алғы шепте қауіппен,
Алғаш кез боп,  тәртіп құрып, ем берген.
Айналдым мен Отан үшін аянбай,
Қызмет еткен полиция мен дәрігерлерден.

Полиция қатарындағы
3 курс курсанты
Ерболат Лашын