Біздің үздік түлектеріміз

Нұр-Сұлтан қаласын мерекелеу қарсаңына орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ведомстволық оқу орындарының үздік түлектеріне арнайы атақтарын табыс ету рәсімі өтті. Аталған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан полиция кіші сержанты Сүндет Бексұлтанмен полиция қатарындағы Петрова Ксения қатысып, Мемлекет басшысынан алғашқы офицерлік шендерін алды. Бұл курсанттарымыз үшін мақтаныш және үлкен мәртебе.