БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ БАТЫРЛАРЫ

 

«Ешкім батыр болып тумайды.
Батырлық та мінез секілді өскен орта,
көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады».
Б.Момышұлы

 2020 жылдың 22 ақпанында арнайы алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларына  «Біздің заманымыздың батырлары» атты дәрісті жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Д.Т.Карымсакова оқыды.
Іс -шараның мақсаты-патриоттық сезімдерімен қатар, келешек полиция қызметкерлерін ұлтжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу, қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің ерліктерін құрметпен еске алу. Дәріс барысында бейне материал көрсетілді.
Тыңдаушыларға полиция қызметкерлерінің ерліктері үлгі болуға лайықты, кәсіби міндеттерін шексіз атқаруға, рухани-адамгершілік бағдар алуға, бірлікке ұмтылуға үлкен сабақ болары сөзсіз.
ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Д. Карымсакова