«Би-Ағаға арнау»

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойын тойлайды.  Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, Майлин атындағы кеңшарда туған. Бейімбет Майлиннің елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауылдың өмірін бейнелеп, қарапайым қазақтың тұрмыс-тіршілігін жазды. Қарапайым халық арасынан шыққан дарынды жазушы Бейімбет Майлинге арнап Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Лукпанов Медет Оспанұлы «Би-Ағаға арнау» атты жүректен шыққан өлеңін арнайды.

 

 Қазақ елі бастан кешкен зұлматты,

Жұдырықтай жүрегімен толғаған.

Қабыл алдың қарсы тұрып сынақты,

Алашымның Бәйтерегі — Би-Ағам.

 

Бүгін елміз, тұрмыс жолы қуатты,

Егеменді әрбір күнін тойлаған.

Тек, тарихтың беттерінде мұң жатты,

Өкініш пен қимастық боп торлаған.

 

Сол тарихта, ұрпақ білмес жұмбақты,

Қан жылаған жүрегімен сомдаған.

«Күлпәш» болып, «Мырқымбай» боп тіл қатты,

Ел жағдайын көрсетсем деп Би-Ағам.

 

Қайғылы елді үміт беріп жұбатты,

Болашақтан сенімдері жоғалған.

«Күн туады, қашан?» деген сұрақты,

Елі үшін, басын тігіп қозғаған.

 

Сіздей  Ердің, елмен бірге мұраты,

Тәуелсіз ел ұрпағында жоқ арман.

Есіміңіз ел есінде тұрақты,

Азаттықтың жаршысындай  Би-Ағам.

 

Біздің жастар  Сізге тартқан қырағы,

Жоғары ұшып, қанаттары талмаған.

Сіздің өлмес рухыңыздың тұрағы,

Күн астында қыран болып самғаған.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы
О.Уақпаева