Белсенді өмірлік ұстаным

Дәстүр бойынша, 1 қараша оқу орнының құрылған күні Академияда «Ардагерлер күні» өтіледі. Академия басшылығының қамқорлығы мен үнемі назарының арқасында мұндай жыл сайынғы кездесулер дәстүрге айналды.
Академияның ардагерлері барлық салтанатты іс-шараларға қатысып, болашақ полиция қызметкерлерінің рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыра отырып, тыңдаушылардың патриоттық тәрбиесіне қомақты үлес қосады.
Өз ісінің шебері Николай Григорьевич Евдокименко Қазақ КСР МАИ инспекторы қызметін бастап, Ішкі істер органдарының түрлі әкімшілік және жедел лауазымдарында қызмет атқарып, 29 жылға созылған заң мен құқықтық тәртіпке қызмет етудің қиын жолынан өтті.
ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының ұжымы Николай Григорьевич Евдокименконың құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Оған  мықты денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейді.
Өткенсіз болашақ жоқ. Қазақта  «ағаш тамырмен мықты» деген жақсы сөз бар.

Традиционно, 1 ноября в день основания учебного заведения в Академии празднуется «День ветеранов». Благодаря заботе и постоянному вниманию со стороны руководства Академии, такие ежегодные встречи стали устоявшейся традицией.
Именно ветераны Академии вносят весомый вклад в патриотическое воспитание слушателей, принимая участие во всех торжественных мероприятиях, формируя духовные и нравственные ценности будущих сотрудников полиции.
Профессионал своего дела Евдокименко Николай Григорьевич, начав службу инспектором ГАИ Казахской ССР, прошел нелегкий путь служения закону и правопорядку, длиною 29 лет, проработав на различных административных и оперативных должностях органов внутренних дел.
Коллектив кафедры Административной деятельности ОВД, выражает благодарность и признательность за вклад в профилактику правонарушений и борьбу с преступностью Евдокименко Николая Григорьевича. Желает крепкого здоровья, долголетия и неиссякаемой энергии.
Без прошлого нет будущего. У казахов есть хорошие слова «ағаш тамырымен мықты».