Баланы қуанышқа бөлеу — сауапты іс.

Бала қуанса шын қуанады. Сіздің әрбір ісіңіз, кішкентай болсын жәрдеміңіздің өзі — көп балалы отбасынан шыққан жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге үлкен демеу, оның ертеңгі болашаққа деген үкілі үмітін арттыра түспек. Еліміздің болашағы өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қолында.
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы тек курсанттарды тәрбиелеуге үлесін қосып қана қоймай, қоғамның сан алуан өзекті  мәселелеріне назар аударуды да өз міндеттері деп біледі.
Осындай мақсаттың негізінде Академиямыздың курс басшылары 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында «Делфин» балалар үйіне барып қайтты. Жылы жүздесу барысында балаларды мерекелерімен құттықтап, ойыншықтар мен тәттілерді сыйға тартып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады.
«Делфин»  балалар үйінің ұжымы да мереке қарсаңында балаларға бөлген аз да болсын көңілдері үшін курс басшылығына өздерінің шексіз алғыстарын білдірді.

Курс бастығының орынбасары Н. Бақытқалиұлы