Балалардың көзіндегі бақыт

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының қызметкерлері қостанайлық «Дельфин» балалар үйіне барды.

 

«Дельфин» балалар үйінің тәрбиелеушілері  келген  сәтімізден бастап бізді өте жылы қарсы алды. Балалар үйінің ұжымы бұл өз ісінің нағыз мамандары ғана емес, сонымен қатар таза және кең жүректі жандар. Осы тұлғалардың ынтасы арқасында балалар үйінде достық атмосферасы, тазалық пен тәртіп орнайды. Әңгіме барысында балалар үйінің өміріндегі әртүрлі сәттермен, өткізіліп жатқан іс-шаралармен, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Әрине, кез келген отбасының да өз проблемалары бар, алайда қызметкерлердің жұмысындағы үйлесімділікпен, сондай-ақ қайырымдылық және меценаттардың көмегінің арқасында көптеген мәселелер шешім табуда.

 

Қостанай балалар үйінде туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалар тұрады, әрқайсысының қайғылы тарихы бар, кейбіреулерінен ата-аналары бас тартқан, кейбір отбасыларында ата-аналарын ата-ана құқығынан айырған, соның салдарынан осы сәбилер балалар үйіне келіп түседі.Мұнымен қоса, балаларды асырап алу жағдайлары жиілеп кетті – дейді «Дельфин»қызметкерлері.

 

Балаларға жылу, қуаныш пен назар сыйлай отырып, біз оның орнына әлдеқайда көп нәрсе аламыз. Сіздермен көмек көрсетуге тырысқанымыздың арқасында, біз осы ғажап сәбилердің өмірін сәл болса да бақытқа бөлей аламыз.

МҚП кафедрасының оқытушысы,

полиция майоры

Арстанбаева Б.Б.