Ауған соғысының жауынгерлерімен кездесу

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.
Іс-шараға отставкадағы офицерлер, полиция полковнигі Вячеслав Пряхин және полиция подполковнигі Сағынтай Жасубиев арнайы қатысты. Олар мемлекеттен тыс елде соғыс майданында жауынгерлік борыштарын атқарған жандар.

15 ақпан Ауған соғысында қаза тапқан және із-түзсіз кетен жандарды еске алып, олардың майдан шебіндегі ерліктері үшін бас иетін тарихи күн.
Ардагерлер тыңдаушыларға соғыс даласындағы бастан кешкен қиындықтары мен жау қолынан қаза тапқан жолдастарының ерліктері жайында айтты. Кездесу барысында идеологиялық жұмыс бөлімшесінің даярлаған Ауған соғысының хроникасы жайында деректі филімі ұсынылды.
Тыңдаушылар ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, соғыстан кейінгі өмірлері жайында қызығушылық танытты.
Кездесу соңынан ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ашық аспан тіледі.