Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында білім алып жатқан алғашқы  кәсіптік даярлық тыңдаушыларына тәжірибесі мол, тәрбиелік, өнегелік мақсаттарда іс-шараларды  өткізу дәстүрге айналды.
Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Кеңес үкіметі әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 31 жыл толуына орай, тыңдаушылардың Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесуі өтті.
Аталмыш кездесуді Кадр саясаты бөлімі, КСБ идеологиялық жұмысы бөлімшесі мен оқу-саптық бөлінісі бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Каппасов, Ауған соғысының ардагері С. Жасубиев, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының зейнеткері,  Ауған соғысының ардагері В. Пряхин  қатысты.
Вячеслав Алексеевич Пряхин мен Сағынтай Төлешұлы Жасубиев жас полицейлерге сонау сұрапыл жылдарда бастарынан өткізген барлық қиындықтар жайында сыр тарқатып, тыңдаушыларды ауызбіршілікке, төзімділікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық рухтарын нығайтуға шақырды.
Осы кездесуден тыңдаушылар өздеріне көптеген жағымды әсер алып, болашақ қызметтеріне деген қызығушылықтарын арттырды. Кездесу соңында Ауғанстан соғысының ардагерлеріне арнайы кәсіби оқыту курсының 8 взвод тыңдаушысы А. Ізбасаров ән айтып, 5 взвод командирі     Е. Өскембаев өз туындысынан өлең жолдарын арнады.