Ауаның дәмі

Қостанай облысы бойынша «Психологтар Ассоцияциясының» ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 қарашасы күні ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.Досмаилова Арқалық қаласының Арқалық медициналық колледжі, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі және Арқалық политехникалық колледж студенттеріне «Ауаның дәмі» атты психологиялық тренинг өткізді.
Көбінесе біз көп қиындыққа тап болып, тереңге батқан кезде ғана өмірдің дәмін сезіне бастаймыз және уақытымызды өткізіп алғанымызға өкінеміз. Бірақ естен шығарып алмаңыз: өмір – бізде ең қымбат нәрсе!
Тренинг барысында бірнеше техникалар жасап ауаның дәмін түсіне отырып сезіндік. Ал сіздер дәмін білесіздер ме? Егер білмесеңіздер сіздерге бір техниканы айта өтейін: 1 минут қолыңызбен, ауызды және мұрынды қыса жауып, ұстап тұрыңыз. Деміңіз жетпей қалғанда қолыңызды еріксіз жіберіп кеудеңізді ауаға толтырып, терең тыныс аласыз. Сол кезде, адамның санасына өмірдің қызығы, ауаның тәтті дәмі, бірден ойға келеді.
Тренингке қатысқан 70-тен аса студент тренинг барысында алған білімдерін қолданатындарын және өмірге жаңаша қарап жақсы әсер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.
Тренинг соңында студенттер «Ауаның дәмін, өмірдің мәнін» бағалайтындарын жеткізді.

ПЖО аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А. Досмаилова