Атырау қаласында Орал өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиевқа арнау

Бас иеміз ерлігіне ерлердің,
Қамын ойлап қыршын кеткен ел-жердің.
Сын сағатта тәуекелге бас тіккен,
Ерліктерің ел есінде сендердің.

Ол полиция қызметкері әр ісін,
Орындауға бағыттайтын борышын.
Кіріп кетті суық судың баурына,
Алмастырып ыстық жанын ел үшін.

Қалды ел –жұрт арттан өлең, ән арнап,
Ақты жұлдыз жарық етті де алаулап.
Ұлы еді ол да бір ананың аяулы,
Қалды үйінде келер ме деп алаңдап.

Айрылды ел қырандай бір ұлынан,
Жиырма бестің бұйырмаған жырынан.
Қанша шіркін мараппатпен гүл шоғы,
Аспас сірә отбасының мұңынан.

Бірақ ерлік сыналады елдікте,
Ер жүрегі қайсарлық пен кендікте.
Сын сағатта берілмеген мендікке,
Қасиетті міндет осы көндікте.
Ал біз жастар тағзым еттік бас иіп,
Өр буынның өнегесін көрдікте.

2 курс курсанты
Ерболат Лашын