Арнаулы атақ алды

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірқатар қызметкерлері арнайы атақтармен марапатталды. Оны Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов салтанатты түрде табыс етті.
Осыған байланысты Шолпан Қабжанованы полиция майоры шенімен, Данияр Абенов, Тоқтар Жиентаев, Алмат Оразов, Ерден Толықпаевтарды алғашқы офицерлік полиция лейтенанты атағын алуымен құттықтаймыз.
Жас қызметкерлердің ішкі істер саласында адал қызмет етіп, абырой биігінен көрінуіне тілектеспіз.