Арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларымен шығу сабағы

2019 жылдың 5 және 6 қазан аралығында Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларымен Қостанай қалалық ІІБ әкімшілік қамауға алынғандар мен белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдайтын арнайы қабылдау мен қабылдау-тарату орнына барды.
Сабақ барысында арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларына көрсетілген арнайы мекемелердің қабылдау және ішкі тәртібімен, жүргізілетін жұмыстарымен, қамаққа алынатын тұлғалар санатымен, жұмыс тәртібінің жалпы құжаттарымен танысты.
Арнайы мекемелердің қызметкерлері тағылымдамашыларға өздерінің атқаратын функционалдық міндеттері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, білім алушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

ӘҚ және ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А. Әбдәлі