Ардақты ардагерлер, әріптестер мен курсанттар!

Сіздерді Академия басшылығының және жеке өз атымнан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Мыңжылдық тарихы бар әз-Наурыз біздің халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз – келісім мен татулықтың нышаны, жаңашылдық пен жасампаздық рухтың жаршысы. Бұл мереке ұлттарды ұйыстырып, береке-бірлікке шақырады. Ұлыстың ұлы күнінде ежелгі ұлттық құндылықтар қайта жаңғырып, тағылымы терең салт-дәстүріміз дәріптеледі. Адамдар өткенін саралап, болашағын болжайды, бұрынғы өкпе-реніштерін кешірісіп, бір-біріне игілік пен бақ-береке тілейді.
Ендеше, осындай қыстың көбесі сөгіліп, тіршілікке жан бітетін ұлы мерекеде, Сіздерге зор денсаулық, жаңа бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін! Әз-Наурыз елімізге бейбітшілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін.
Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен,
Академия бастығы Н. Биекенов