Ардагерлерге құрмет

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы атынан Ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Б. Мукажанова, Идеологиялық жұмыс бөлімшесінің бастығы полиция майоры Т.Г. Баймаганов Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесі қарсаңында қаламыздың құрметті ардагерлерінің үйіне барып, сый құрмет көрсетіп қайтты. Академия қызметкерлерін ардагерлер  ерекше көңіл-күймен қарсы алып, естелікерімен бөлісті.

Соның бірі Грушковский Виталий Филаретович Отставкадағы милиция старшинасы. Ішкі істер органдарында 25 жыл жұмыс істеді. Бұл салада танымал адам болды. Қостанайлық мүсінші Леонид Белоусов Қостанай қаласындағы Жеңіс саябағында сарбазға ескерткіш орнатты. Бұл мүсіннің прототипі — солдат Виталий Филаретович болды. Ол жыл сайын Жеңіс  күні ескерткішке барып, мақтан тұтады.

Зая Ивановна Волковича. Өмір бойы Қостанай қаласының №2 мектебінде жұмыс істеді, еңбек сіңірген мұғалім. Адамның бақыты оның білімінде деп біледі. Сондай-ақ Жаркенов Кәрім Жаркенұлы. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың директоры болды. Еңбек сіңірген мұғалім, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Өз елінің нағыз патриоты. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептің ашылуына Кәрім Жаркенұлы ықпал етті.


Жылы кездесу соңында құрметті ардагерлерге кітап, сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде ардагерлер,  Академия басшылығына және жеке құрамға жылы лебіздерін білдіргені үшін, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

ІСКБ инспекторы П. Жұмабек