Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін  7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Осыған орай ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері және Ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Б. Мукажанова Академияда талай жылдар қызмет атқарып, оқу және ғылым салаларында зор үлесін қосқан, бүгінгі таңда құрметті ардагерлеріміз отставкадағы полиция полковнигі Мирамбек Жумабекович Жунусовке және отставкадағы полиция подполковнигі Сергей Валентинович Калашниковке грамота табыс етіп, сый құрмет көрсетті. Ардагерлер Академия басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

Баспасөз қызметі