Ардагерге құрмет!

Отставкадағы офицер, полиция полковнигі, Ауған соғысының ардагері Вячеслав Пряхинді интернационалистік борышын адал атқарып, жауынгерлік міндетіне жауапкершілік танытқан жан ретінде танимыз. ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы атынан құттықтап, алғыс сөзін айтуға арнайы келген қызметкерлерді Вячеслав Алексеевич жылы шыраймен қарсы алды. Академия бастығының көмекшісі Бейбітжан Әріпжанов пен курс басшылары ардагерге естелік сый табыс етіп, ыстық ықыластарын білдірді.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі