Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет


15 ақпан — Ауғанстандағы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы жауынгерлерінің қызметінің аяқталған күн.Бұл оқиға дәстүр бойынша тек қана қуанышты емес,қаза тапқан және соғыстан қайтып келмеген жауынгерлерді еске алу күні.
2020 жылдың 14 ақпанында Академияның алғашқы кәсіби даярлау курсының тыңдаушылары өз қызметін ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарында жалғастырған  Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеп қары алды. Біздің Академиямыздың қонақтары отставкадағы полиция полковнигі Пряхин Вячеслав Алексеевич және отставкадағы әділет подполковнигі Жасубиев Сағынтай Төлешұлы болды.

Осы кездесуде қатысушылар мен қонақтар арасында диалог арнап, соғыстың куәгерлері қорқынышты оқиғалар мен үйге қайтып оралудың бақыты туралы баяндап тірі және сау болудың қуанышты сезімдерімен бөлісті. Кеш барысында қонақтар Ауған соғысына арналған өлеңдермен әндерді тыңдады.

КСБ идеологиялық жұмыс бөлімшесі