Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

16 желтоқсан мерекесінің қарсаңыңда ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы атынан кәсіби психологиялық даярлық және ішкі істер органдарын басқару кафедрасының қызметкерлері Академияда талай жылдар қызмет атқарып, кафедраның алғашқы басшыларының бірі, оқу және ғылым салаларында зор үлесін қосқан, бүгінгі таңда құрметті ардагеріміз отставкадағы полиция полковнигі Есимбек Калиевич Курмановқа грамота табыс етіп, сый құрмет көрсетті. Кездесу барысында ардагеріміз полиция саласындағы болған оқиғаларға тоқталып, қиыншылықтары мен қуаныштары туралы айтып берді. Ардагер Академия басшылығына және жеке құрамға жылы лебіздерін білдіргені үшін, өзінің ризашылығын білдірді.

КПДжІІОБ
кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Г. Ахметова