Алғашқы кәсіптік даярлық курсы өз жұмысын бастады

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында республикамыздың әр облысынан келген тыңдаушылар алғашқы кәсіптік даярлық курстарынан өтетін болады.
Осы орайда тәртіп пен заңдылықты сақтау және академия басшылығымен және оқытушылық құраммен танысу мақсатында алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов тыңдаушылардың интернет желісіндегі сақтық шаралары және қызметтік тәртіпті қатаң сақталуы мәселелеріне баса назар аударды. Сондай-ақ, курс басшылары таңыстырылып, алдағы оқу жоспары да талқыланды. Елімізде орын алып отырған пандемия кезінде инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында санитарлық нормаларды сақтай отыра, жеке қорғаныс шараларына да ерекше назар аудару керектігі ескертілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылай келе, Академия бастығы тыңдаушыларға сәттілік тіледі.

ІСКБ инспекторы Қ.Нағашыбай