Академия ұжымы белсенділік танытты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын он күн тойлау тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырған болатын. Осыған орай, бүгін – 16 наурыз «Шежіре күнінде» ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Академияның ұжымы Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан, ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне барды. Биыл Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толмақ. Осының барлығын ескере, Қостанай академиясының басшылығы және жеке құрамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара бірлесіп, кесене маңын басқан қарлардан тазартты. Жүруге ыңғайлы жол жасап, ата-баба рухына тағзым етті.

ІСКБ инспекторы П. Жұмабек