Академия қызметкерлері Рудныйда

Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Ал жақсылық жасау жолында Қостанай академиясы ешқашан аянған емес. Осыған орай Наурыз мерекесі қарсаңындағы іс-шараларға белсене атсалысып, бой көрсетіп жүр. Жақсылық жасау мен игі істердің легі күн өткен сайын артып келеді. Соның бірі 18 наурыз – «Игі істер» күні, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және оқу орнымыздың 50 жылдығына арналған «50 игі іс» акциясы аясында Академия қызметкерлері «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный № 1 интернат үйіне» жол тартты. Зейнеткерлер өздеріне көмекке келген Академияның қызметкерлерін жылы шыраймен қарсы алды. Ал өз кезегінде ұжым өкілдері Рудный интернат-үйінің аумағын қардан, мұздан, қоқыстан тазартып, қолдан келгенше көмек көрсетті. Үлкен кісілердің батасы мен ризашылығына бөленіп, ақ алғыстарын алды.

Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімшесі