Академия түлегі – бүгінгі елдің мақтанышы

Ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні түңгі сағат 23.30-да Қостанай облысы Таран ауданы, Әйет ауылында өрт шықты. Осы өртке аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жанат Мендыгалиев және Сергей Чекин тез арада жетіп келді. Осы уақытта  жалындап жатқан үйде әйел кісінің  қалып қойғанын естіген учаскелік полиция инспекторы Жанат Мендыгалиев мүдіртпестен құтқаруға кіріседі.  54 жастағы әйел адамды жанып тұрған үйден алып шығады. Жанат Мендыгалиев ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі, оқуды 2019 жылы бітірген.
Академия басшылығының, профессорлық-оқытушылық құрамының, жетекшілерінің, курс бастықтарының полиция лейтенанты Жанат Мендыгалиевке  4 жыл бойы білім нәрін беріп,  халықтың тыныштығын күзетуге, қоғамдағы тәртіпсіздіктермен күресуге,  адалдық пен қайсарлыққа, қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, берген Антына адал болуға тәрбиелегені бізді қуантады.
«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Бүгін міне, осыған дәлел, мақтанышқа лайық түлегіміз полиция лейтенанты Жанат Мендыгалиев  сияқты елін, халқын қорғауға әрқашан дайын тұратын нар тұлғалы азаматтарымыз көбейе берсін! Жанаттың батырлығы мен  қайсар ерлігі білім алып жатқан курсанттарымыз, яғни болашақ тәртіп сақшылары үшін үлгі болып табылады.
Полиция лейтенанты Жанат Мендыгалиевке, зор денсаулық, қызметіне табыс тілеп, әрқашан да биік белестерден көріне бер демекпіз!

Баспасөз қызметі