«Академия» волонтерлік клубы

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Ербагит Кишкентаев және Жалпы заң пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Айжан Бузаканова «QOSTANAI» телеканалының «Тобыл таңы» хабарында «Академия» волонтерлер клубы туралы, оның алға қойған жоспарлары, мақсаттары мен міндеттері, атқарылған жұмыстары туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар «Академия» волонтерлік клубына бірге жақсылық, қамқорлық істерін жасауға бей-жай қарамайтын адамдарды тартты.

Баспасөз қызметі