Академия басшылығы жас курсанттармен кездесті

2017 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е. Қаппасов, академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі А. Нұрышев, полиция полковнигі С. Бачурин және академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қ. Айтқұлов Академияның оқу-дала лагерінде жаттығып жатқан бірінші курс курсанттарымен кездесті. Кездесу барысында Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Қаппасов оқуға түсуші курсанттарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сөз арасында Ербол Төлегенұлы Академияның тыныс – тіршілігімен таныстырып, бүгінгі таңда спорттың 12 түрі, мәдениет университетінің және де басқа да көптеген үйірмелер жұмыс жасайтындығын атап өтті. Осы курсанттар үшін ашылған үйірмелерге әркім қал-қадірінше қатысып, академияның беделін арттыруға шақырды.
Ербол Төлегенұлынан кейін басқа да орынбасарлар оқуға түскен курсанттарды құттықтап, игі тілектерін тіледі.
Кездесуден кейін Академия басшылығы курсанттардың жатын бөлмелелерін, ас ішетін асханаларын және казармаларды тексерді. Онда тұрып жатқан курсанттардан қал-жағдайларын сұрады.
-Біздің жағдайымыз жақсы, оқу-дала лагерін кең дала алқаптар, қалың орман және жасыл тоғайлар қоршап жатыр. Бізді жылы қарсы алған офицерлер және жеке құрам, бүкіл лагерь ішінде қолайлы және достық қарым-қатынастарды сақтап, қадағалай біледі. Біз оқу-дала лагерінде еш қиындықсыз жатаханаларға орналастырылып, жайғастық. Жайғасып болған сәттен бастап, курсанттық өмірдің жарғы ережелерімен танысып, бірінші күннен-ақ барлық курсанттар жарғының, толық тазалықтың және қатаң күн тәртібінің қандай болатынын ескеріп келеміз. Бізге бәрі ұнайды, — дейді Ақтөбе қаласынан келген Бек Алмабеков атты курсант.
Академия қатарына түсуге ынта білдірген азамат пен азаматшалар саны көп болғанына қарамастан, академияға тек 255 адам қабылданды. Әрине қабылданған курсанттар мықтылардың мықтысы, үздіктердің үздігі болып табылады.
Қатарға қабылданған курсантар немесе жат елде Қазақстанды таныстыратын курсанттарымыз, тек мақтанышпен қуанып қана қоймай, таңдаған мамандығының қаншалықты маңызды екендігін ұғынуы тиіс. Осы сәттен бастап оның иығына ауыр жүк, қатаң жауапкершілік түсті. Себебі біз келешекте Қазақстан Республикасының тыныштығы мен амандығын, көркеюі мен өркендеуінің болашақ сақшыларымыз.

Академияның баспасөз қызметі